«Жасыл ел» жасағы тағы да сапта

«Жасыл ел» жасағы тағы да сапта

«Жасыл Ел» жалпыұлттық жобасы 2005 жылдан бастап ойдағыдай іске асырылуда және үлкен танымалдылыққа ие болды: ол еңбекке баулиды, жастарды ортақ идеялар төңірегінде топтастырады, жастарға еңбек семестрі кезінде қосымша табыс тауып қана қоймай, пайдалы хобби табуға, қоршаған ортаны сақтауға өз үлесін қосуға көмектеседі.

2022 жылғы маусым айынан бастап «Орлиногор орман шаруашылығы» КММ-де ормандарды молықтыру және орман өсіру инженері О. А. Вишнякованың басшылығымен 4 адамнан тұратын «Жасыл Ел» жастар еңбек жасағы өз жұмысын бастады.

«Жасыл Ел» ЖЕЖ сарбаздарының күнделікті жұмысының басым бағыты «Орлиногор орман шаруашылығы» КММ орман питомнигінде қайың мен қарағай екпе көшеттерін сапалы күту болып табылады.

Жасақ жауынгерлерінің жұмыс жоспарында – мекеменің өндірістік инфрақұрылымын абаттандыру, Орлиногор ботаникалық қаумалын санитарлық тазалау.

«Жасыл Ел» жастар еңбек жасағының сарбаздары оларға тапсырылған жұмыс күрделі емес, бірақ жауапты деп санайды, бұл олардың ойөрістерін дамытуға және аймақтың орман байлығын сақтауға және көбейтуге өз үлесін қосуға мүмкіндік береді.

Кадрлар инспекторы
А.Е. Жанайдарова