
2022 жылға арналған бірлескен жұмыс жоспарына сәйкес, маусымның екінші жартысында Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының және республикалық орман селекциялық-тұқым өсіру орталығының мамандары 7 мемлекеттік орман шаруашылығы – Қызылжар, Жамбыл, Пресновка, Есіл, Сергеевка, Бұрлық, Ақан сері аумағында орман патологиялық мониторинг жүргізді.
Өткізу барысында жалпы ауданы 2429,1 гектар сарықанат жібек көбелегінің ошақтары анықталды, оның ішінде орман шаруашылықтары бойынша: Ақан-сері – 1821,1 гектар, Бұрлық – 313,5 гектар, Орлиногор – 283,5 гектар, Сергеевка – 9 гектар, Жамбыл – 2 гектар.
Сондай-ақ, Бұрлық орман шаруашылығы аумағында жапырақ ширатқыш көбелегінің ошағы анықталды, Жамбыл орман шаруашылығы аумағында 0,1 гектар алқапта сырыкөбелек анықталды.
Тексеру барысында тұрақтылығы бұзылған орман екпелерінің жай-күйі тексерілді, екпелердің әлсіреу және кебу себептері анықталды, орман патологиялық және санитариялық жай-күйін бағалау, зиянкестердің саны мен тіршілік ету қабілетін есепке алу, сондай-ақ таралу сипаты мен даму дәрежесі белгіленді.
Орман патологиялық мониторинг деректері негізінде орман зиянкестері мен аурулары ошақтарының даму серпінінің болжамы бойынша ақпарат алынды, екпелердің зақымдану қаупі айқындалды және орман қорғау іс-шараларының көлемі айқындалды.
Барлаушылық орман патологиялық зерттеулердің деректері бойынша зиянкестер мен аурулардың ошақтарын, екпелердің төзімділігі бұзылған, әлсіреген және жай-күйі бойынша қанағаттанарлықсыз учаскелерін көрсете отырып, тексерілген орамдардың схемалық жоспарлары жасалды.
Орман патологиялық зерттеу аяқталғаннан кейін өңірдің 12 орман шаруашылығының әрқайсысы ағымдағы және келесі жылдарға арналған шұғыл жою және сауықтыру іс-шараларын жобалайды.
Орман шаруашылығы және ЕҚТА
бөлімінің статистигі
С. Е. Сүлейменова