
Жыл сайын сүрек босатылғанға дейін бір жыл бұрын «Есіл орман шаруашылығы» КММ бойынша кеспеағаш қорын бөлу жүргізіледі. 2022 жылға есептелген кеспеағаш Есіл КММ бойынша мөлдекті босату үшін 39628 м3 құрайды. Оның ішінде ағаш кесу бойынша: басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу бойынша — 18330 м3, оның ішінде орман пайдаланушы ЖК «Жанабеков Б. С.» — 3433 м3, санитарлық-жаппай кесу бойынша - 17038 м3, оның ішінде орман пайдаланушы ЖК «Жанабеков Б. С.» — 4564 м3, өтімді қоқыстарды (дауыл құлатқан ағаштарды) жинау бойынша — 1913 м3, іріктеп санитарлық кесу — 2329 м3.
2022 жылдың 1 маусымына тұрғындар тарапынан 469 өтінім берілді, 242 шарт, 293 жүкқұжат ресімделді. Халықтың қатысуымен барлығы: басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу – 12183 м3, санитарлық-жаппай кесу – 8184 м3, өтімді қоқыстарды (дауыл құлатқан ағаштарды) жинау – 1355 м3, іріктеп санитарлық кесу бойынша – 1232 м3, бұл бөлінген сүрек көлемінің 73%-ын құрайды.
Директордың орынбасары
«Есіл орман шаруашылығы» КММ
Д. В. Здоровец