
2022 жылғы 17 маусымда Басқарма М. Қозыбаев атындағы СҚУ «География және экология» кафедрасының практикадан өтіп жатқан студенттерімен бірге К.Кәрімова және А. Сапожникова Якорь ауылдық округі әкімдігінің көмегімен Қызылжар ауданының Якорь орта мектебінің жазғы алаңында алғаш рет қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинауды насихаттау бойынша «Мектеп оқушыларына арналған Эко-сағат» экологиялық акциясын өткізді.
Бастауыш сынып оқушыларына тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау мен қайта өңдеудің маңыздылығы туралы мультипликациялық фильм мен презентация көрсетілді, тақырыптық викторина өткізілді. Викторина қорытындысы бойынша белсенді оқушылар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды, қалғандары сертификаттар алды, барлық қатысушылар тәттілермен марапатталды.
Су ресурстарын пайдалануды реттеу және табиғатты қорғау бағдарламалары бөлімінің бас маманы А. Славный