«Туған өлке табиғатын сақтайық» байқауының қорытындысы бойынша марапаттау

«Туған өлке табиғатын сақтайық» байқауының қорытындысы бойынша марапаттау

Ағымдағы жылдың 16 маусымында КММ «Аққайың орман шаруашылығы» туған өлкенiң табиғатын сақтайық» республикалық сурет байқауына қатысқан орман шаруашылығы қызметкерлерiнiң балаларын марапаттау мақсатында «Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесi қызметкерлерiнiң салалық кәсiподағы» ЖШҚ төрағасы Е.Е. Жанатаев қатысты.

Екiншi жыл қатарынан Байқаудың бастамашысы «Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесi қызметкерлерiнiң салалық кәсiподағы» ЖШҚ болып табылады. Байқаудың мақсаты: экологиялық мәдениеттi дамытуға ықпал ету, туған өлкенiң табиғатына жұртшылықтың назарын аудару, биоалуантүрлiлiктi сақтау мәселелерiне мемлекеттiк және қоғамдық ұйымдардың, халықаралық қайырымдылық қорларының назарын аудару, жұртшылықтың экологиялық қызметке қатысуы, мемлекеттiк құрылымдар, бизнес және ҮЕҰ (арасындағы ынтымақтастықты нығайту және ең бастысы Отан және табиғат үшiн патриоттық бастамаларды қалыптастыру. Конкурс екi кезеңде өткiзiлдi: бiрiншi кезең — өтiнiмдер мен қатысу жұмыстарын қабылдау, 2 мамырдан 27 мамырға дейiн өткiзiлдi, екiншi, финалдық кезең — жеңiмпаздарды анықтау және марапаттау 6 маусымда өттi. «Аққайың орман шаруашылығы» КММ атынан байқауға 9-11 және 12-15 жас аралығындағы үш бала, М.Т. Бекенова, А.Т. Таймұқанова, А.Т. Таймұқанова қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша салтанатты түрде орман шаруашылығы ұжымы, төраға Е.Е. Жанатаев жас байқау қатысушыларына дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс еттi.

Орман қорғау және күзету инженерi Т.Ж. Нұрғалимов