
Автокөлiк жолының жанында, Қызылжар ауданы Пеньково ауылының маңында, азаматтар елiктiң лағын тапты.
Оны «Қызылжар орман шаруашылығы» КММ-нiң аңшылықтанушысына тапсырды.
Лақ Петропавл қаласының Ботаникалық бағына жеткiзiлiп, онда ол мамандардың бақылауына тапсырылды. Себебi бұл мекемеде анасыз қалған жабайы тұяқтыларды тамақтандыру тәжiрибесi бар.
Жабайы жануардың лағы әлi күнге дейiн тек сүт қана iшедi. Аңшылықтанушы және табиғи ресурстар басқармасының қызметкерлерi елiкке тамақ әкелiп тұрады. Осылайша, нәрестенi ағымдағы жылдың қыркүйегiне дейiн тамақтандыру қажет.
Елiк күшейгеннен кейiн ол табиғи ортаға шығарылатын болады.
Ботаникалық бақтың қызметкерлерi бей-жай емес азаматтардан сиыр сүтiн сыйға тарту түрiндегi азғантай көмекке қуанышты болады.