Трансшекаралық өрт-тактикалық оқу-жаттығулары

Трансшекаралық өрт-тактикалық оқу-жаттығулары

2022 жылғы 09 маусымда Солтүстiк Қазақстан облысының мемлекеттiк органдары мен Ресей ТЖМ арасында Түмен, Қорған облыстары бойынша өзара iс-қимылды пысықтау мақсатында Қызылжар ауданы Вагулино ауылының маңында «Iрi ауқымды орман өрттерiмен байланысты трансшекаралық жағдайдың алдын алу және салдарын жою бойынша өзара iс-қимылды ұйымдастыру» тақырыбында трансшекаралық өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өткiзiлдi.

«Қызылжар» және «Соколов» мемлекеттiк орман мекемелерiнiң, Қызылжар ауданының АҚ және ТЖ қызметтерiнiң мамандары мен техникалары, жедел медициналық көмек бөлiмшесi, СҚО ТЖД «Өрт сөндiру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметi» ММ өрт сөндiру есептоптары, СҚО әкiмдiгiнiң табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының, СҚО ТЖ департаментiнiң және Түмен және Қорған облыстары бойынша Ресей ТЖМ Бас басқармаларының басшылары қатысты.

Өткiзiлген нұсқамадан кейiн оқу-жаттығу жоспарына сәйкес әрбiр ұйым берiлген шепте өрттi жоюға кiрiстi.

Орман мекемелерiнiң қызметкерлерi «УАЗ» автомашинасы және МТЗ 82.1 тракторымен тiркемеде МПП 2.0-8.1 өрт модулi базасында «Ермак» жоғары қысымды қондырғысының көмегiмен орман алқабын сөндiрудi ұйымдастырды, сондай-ақ оттың таралуын болдырмау үшiн мин.жолақ төселдi.

Өрт сөндiру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметi, АҚ және ТЖ қызметтерi орман алқабына шартты түрде тараған отты сөндiруге, тұрғын үйлердегi өрттi жоюға және ауыл тұрғындарын эвакуациялауға күш-жiгерлерiн жұмсады. Оқу-жаттығу барысында өрттен зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсету және оны жақын жердегi ауруханаға шұғыл жеткiзу бойынша жедел жәрдем бригадасының, ТЖ аймағын қоршау бойынша полиция бөлiмшелерiнiң iс-қимылдары пысықталды.

Бiрлескен күш-жiгермен табиғи өрттi ауыздықтауға, содан кейiн толығымен жоюға мүмкiндiк туды.

Ресей ТЖМ шақырылған өкiлдерi тарапынан Қазақстан мен Ресей өрт сөндiрушiлерiнiң iс-әрекеттерi оң бағаға ие болды. Оқу-жаттығуға қатысушылардың iс-қимылдарының үйлесiмдiлiгi, техниканы сауатты меңгеруi, оқу-жаттығу басшылығының өрт сөндiру барысында жедел жағдайды игеруi атап өтiлдi.

Iс-шара қатысушыларды СҚО ТЖД және жергiлiктi атқарушы органдардың атынан ведомстволық медальдармен және алғыс хаттармен марапаттаумен аяқталды.

Орман шаруашылығының қызметкерлерi — Теплов орманшылығының орман шеберi Александр Авдеев, Боголюбов орманшылығының (Қызылжар ҚМУ) орманшысы Серiк Сабыров, Виноградов орманшылығының орманшы-инспекторы Сергей Хрупин және Налобин орманшылығының (Соколов ҚМУ) орманшы-инспекторы Владимир Разумов алғыс хаттармен марапатталды.

Лабанчук В.А.
орман шаруашылығы және ЕҚТА бөлiмiнiң басшысы