5 маусым — Дүниежүзiлiк қоршаған ортаны қорғау күнi

5 маусым — Дүниежүзiлiк қоршаған ортаны қорғау күнi

Соңғы жылдары бұл күн бүкiл әлемдiк қауымдастық үшiн ғаламдық экологиялық ақпараттық алаңға айналды.

Мерекенiң басты мақсаты — қоршаған орта проблемаларына назар аудару және оны қорғау үшiн белсендiлiктi ынталандыру.

Қазiргi кезде дүниежүзiлiк қауымдастықта экожүйелердiң деградациясы мен жер бетiндегi биоәртүрлiлiктiң жойылуына жол бермейтiн қуатты жаһандық қозғалыс жасалуда. Экожүйелер — бұл барлық организмдерден және олардың қоршаған ортамен байланыстарынан тұратын Жердегi тiршiлiктiң жүйесi. Оларға ормандар, өзендер, батпақтар, шабындықтар, таулар, теңiздер мен мұхиттар жатады.

«Орлиногор орман шаруашылығы» КММ-сi 1947 жылдан бастап бүгiнгi күнге дейiн өзiне сенiп тапсырылған мемлекеттiк орман қорын қорғап келедi, яғни жаһандық экожүйенi сақтауға нақты үлес қосады.

Мекеме белсендiлерi дәстүрлi түрде 5 маусымда мерекеге орай Орлиногор ботаникалық қорығының аумағын тазарту бойынша iс-шаралар өткiзедi. Бiз әрқашан «Бүркiттау» шоқысы» және «Қайнар көз» шоқысының орман табиғат ескерткiшiнiң аумағын тазалауға ерекше назар аударамыз.

Бей-жай қарамайтындардың барлығын БҰҰ-ның планетаның айналасындағы экожүйелердi қалпына келтiру жобасына қосылуға шақырамыз.

Қамсақты орманшылығының
құрылымдық бөлiмшесiнiң
басшысы Е.А. Бекмағамбетов