Кешендi жоспарды iске асыру

Кешендi жоспарды iске асыру

Қазақстан Республикасының Президентi Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында берген 2 млрд. дана ағаш отырғызу тапсырмасын iске асыру мақсатында «Солтүстiк Қазақстан облысында 2021-2025 жылдарға арналған ормандарды молықтыру мен орман өсiрудiң кешендi жоспары» әзiрлендi:

  • орман дақылдарын отырғызу 2022 жылы қайың — 138 га (отырғызу материалының саны 405 мың дана), кәдiмгi қарағай — 10 га (отырғызу материалының саны 143 мың дана). Жалпы саны 148 га 548 мың дана.
  • орман дақылдарын қамтамасыз ету үшiн стандартты отырғызу материалын өсiру 1,5 га алаңға қотыр қайың (саны 763 мың дана), 0,025 га алаңға кәдiмгi қарағай (саны 1275,0 мың дана)

Кешендi жоспарға сәйкес 2022 жылғы 9 маусымдағы жағдай бойынша iлiндi қайың — 2,3 га, кәдiмгi қарағай — 0,8 га, орман дақылдарын отырғызу 77,5 га оның iшiнде 23,8 га — кәдiмгi қарағай, 53,7 га — қотыр қайың егiлдi.

Орманды молықтыру мен орман өсiрудi қамтамасыз ету үшiн уақтылы суару, күтiм жасау жұмыстары, арам өсiмдiктердi жинау жүзеге асырылады.

«Сергеевка орман шаруашылығы» КММ
директорының орынбасары
А. Н. Сәдуақасов