Аққайың орман шаруашылығымен өртке қарсы iс-шаралардың орындалуы

Аққайың орман шаруашылығымен өртке қарсы iс-шаралардың орындалуы

«Green Woodwork Technology» ЖШС, «Barys Technology» ЖШС ұзақ мерзiмдi орман пайдаланушыларымен шарттық мiндеттемелерге сәйкес минералдандырылған жолақтарды орнату және минералдандырылған жолақтарды күту бойынша жұмыстар жүргiзiлуде. Минералдандырылған жолақтарды салу бойынша жыл сайынғы көлем 30 километрдi, минералдандырылған жолақтарды күту бойынша (үш күтiм) 2100 километрдi құрайды. Орман пайдаланушы «Green Woodwork Technology» ЖШС Бестерек орманшылығында, орман пайдаланушы «Barys Technology» ЖШС Аққайың орманшылығында жұмыстар жүргiзедi. Минералдандырылған жолақтарды күту — үлкен аумақтарда орман өрттерiнiң таралуының алдын алу мақсатында өрт тұрғысынан неғұрлым қауiптi жерлерде жүргiзiлетiн жаңа минералдандырылған жолақтарды құру. Мемлекеттiк орман қорының неғұрлым шалғай учаскелерiнде (мемлекеттiк орман саяжайлары) минералдандырылған жолақтардың неғұрлым тиiмдi болуы үшiн минералдандырылған жолақтарды күтiп-ұстау алдымен өрт қауiптi учаскенiң периметрi бойынша, кейiннен оны секторларға бөле отырып жүргiзiледi. Аққайың орманшылығында «Никитские острова», Бестерек орманшылығында «Долгие рощи» орманшылығында.

Бүгiнгi күнi минералдандырылған жолақтарды орнату бойынша жұмыстар орман пайдаланушылармен толық көлемде орындалды, минералдандырылған жолақтарға күтiм жасау жоспардың 82 пайызына орындалды (бiр реттiк күтiм).

Орман қорғау және күзету инженерi Нурғалимов Т.Ж.