«Бiрге таза Қазақстан» акциясы

«Бiрге таза Қазақстан» акциясы

Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мамандары СҚО бойынша экология департаментiмен бiрлесiп, 2022 жылғы 3 маусымда Дүниежүзiлiк қоршаған орта күнiне орайластырылған Есiл трансшекаралық өзенiнiң жағалау сызығын тұрмыстық қалдықтардан тазарту бойынша «Бiрге таза Қазақстан» экологиялық акциясын өткiздi.

Су қоймаларының тұрмыстық қалдықтармен ластану проблемасы өзектi және халықтың қалдықтармен жұмыс iстеу мәдениетi әлi де жетiлдiрудi талап етедi.

Акцияның мақсаты — жағалауды қоқыстан тазарту ғана емес, сонымен қатар қоғамның назарын қоршаған ортаның ластану проблемасына, өлкемiздiң табиғатын сақтаудың және экологиялық мәдениеттi қалыптастырудың маңыздылығына аудару.

Акция барысында бiр тоннаға жуық қоқыс жиналып, шығарылды, 40 адам қатысты.

Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және табиғатты қорғау бағдарламалары
бөлiмiнiң бас маманы А. Славный