Өртке қарсы iс-шаралар

Өртке қарсы iс-шаралар

Ағымдағы 2022 жылы «Жамбыл орман шаруашылығы» КММ-де өртке қарсы жоспарға сәйкес минералдандырылған жолақтарды күту және орнату жұмыстары жүргiзiлдi. Жоспар бойынша жалпы ұзындығы — 2493 км, минералдандырылған жолақтарды салу — 55 км үш еселiк күтiм жасау жоспарлануда.

Өртке қарсы минералданған жолақ — бұл топырақ өңдеу құралдарымен өңделген, жасанды түрде жасалған жолақ, өрттiң жер бетiне таралуына кедергi жасайтын, сондай-ақ дала өртiнiң орман екпелерiне өтуiне мүмкiндiк бермейтiн өртке қарсы қорғаныс жолағы. Минералданған алқаптар бiрiншi кезекте мемлекеттiк орман қорының неғұрлым өрт қауiптi учаскелерiнде, жергiлiктi және Республикалық маңызы бар жолдар бойында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жүргiзiледi. Бүгiнгi таңда ұзындығы 832 шақырым болатын минералдандырылған жолақтарға күтiм жасау жұмыстары және ұзындығы 40 шақырым болатын жаңа жолақтарды салу жұмыстары жүргiзiлдi.

Заместитель директора
КГУ «Жамбылское лесное хозяйство»
Шалабаев А.З.