Өртке қарсы iс-шаралар

Өртке қарсы iс-шаралар

«Есiл орман шаруашылығы» КММ минералдандырылған жолақтарды күту бойынша жұмыстар жүргiзiлуде. Жұмыстар 2022 жылға арналған өртке қарсы iс-шаралардың кешендi жоспарына сәйкес жүргiзiледi. Ағымдағы жылы жалпы километражы 1911 километр болатын үш мәрте күтiм жасау жоспарлануда. Минералданған жолақтарға уақтылы күтiм жасау өрттiң үлкен аумақтарға таралуына жол бермейдi, сонымен қатар дала өртiнiң орман екпелерiне өтуiне жол бермейдi. Бiрiншi кезекте өрт қаупi жоғары учаскелерде: мемлекеттiк орман саяжайларында, мемлекеттiк орман қоры жерлерiне iргелес жатқан жергiлiктi және Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында және т.б. бүгiнгi күнi ұзындығы 662 километр минералдандырылған жолақтарға күтiм жасау және ұзындығы 100 километр жаңа минералдандырылған жолақтарды орнату жүргiзiлдi.

Орман қорғау инженерi О.В. Девятайкин