
«Соколов орман шаруашылығы» КММ аумағында 2021-2025 жылдарға арналған өндiрiстiк жоспарға сәйкес жоспарланған көктемгi орман шаруашылығы жұмыстары жүргiзiлдi.
Осылайша, ағаш отырғызу 69,0 га алаңда жүргiзiлдi, 279,8 мың дана көлемiнде отырғызу материалдары жұмсалды, оның iшiнде 20,0 га/120,0 мың дана кәдiмгi қарағай көшеттерi және 49,0 га/159,8 мың дана қайың көшеттерi. Отырғызу материалдары КММ меншiктi уақытша питомнигiнде өсiрiлдi.
Сондай-ақ «ЛесПромУголь» ЖШС орман пайдаланушысы 20,5 га/61,5 мың дана алқапта «қотыр қайың» орманын отырғызды.
Iс жүзiнде ағаш отырғызу 2022 жылға арналған жалпы жоспардың 54% құрады (166,0 га/550,0 мың дана).
Орман дақылдарын отырғызу жұмыстарын орындау үшiн орман күзетiнiң қызметкерлерi 19 адам, жалдамалы жұмысшылар 18 адам, «ЛесПромУголь» ЖШС қызметкерлерi және студенттер жұмылдырылды.
Жоспарға сәйкес орман дақылдарын отырғызу жұмыстарының екiншi кезеңi күзгi кезеңде жүргiзiледi.
Орманды қалпына келтiру инженерi
Н.А. Евсюкова