Мемлекеттiк қызметшiлер арасындағы спартакиада

Мемлекеттiк қызметшiлер арасындағы спартакиада

Мемлекеттiк қызметшiлер күнiн мерекелеу аясында ағымдағы жылдың 27-28 мамыр аралығында Солтүстiк Қазақстан облысының мемлекеттiк қызметшiлерi арасында спартакиада өткiзiлдi.

Бұл спартакиадаға көптеген бөлiмшелердiң қызметкерлерi, соның iшiнде СҚО әкiмдiгiнiң табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының қызметкерлерi қатысты.

Жарыс бағдарламасында классикалық спорт түрлерi — волейбол, футбол, теннис, жүзу, сондай-ақ ұлттық спорт түрлерi — тоғызқұмалақ және қазақша күрес және т.б. болды.

22 қатысушы команда арасында СҚО әкiмдiгiнiң табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мен мемлекеттiк сатып алу басқармасының бiрлескен командасы жалпыкомандалық 4 орынға ие болды.

СҚО әкiмдiгiнiң ТРжТПРБ маманы
Ә.Е. Рыспаева