Су айдындарында балықтардың қырылу себептерi

Су айдындарында балықтардың қырылу себептерi

Ағымдағы жылдың көктемгi кезеңiнде Солтүстiк Қазақстан облысының су айдындарында балық ресурстарының қырылуы орын алды.

Өзара iс-қимыл схемасына сәйкес әрбiр жағдай бойынша мүдделi мемлекеттiк органдар мамандарының шығуы ұйымдастырылған. Жұмыс тобы қырылу себептерiн анықтау үшiн судың сынамалары мен өлi балықтардың iрiктеуiн жүзеге асырды.

Зерттеу нәтижелерiн алғаннан кейiн 2022 жылғы 28 сәуiрде және 16 мамырда осы фактiлер бойынша ведомствоаралық жұмыс тобының отырыстары өттi

Материалдарды қарау нәтижесiнде Комиссия Қызылжар ауданының Бугровое, Пруд, Пестрое көлдерiнде, Тайынша ауданының Чаглинка өзенiнiң учаскесiнде, Айыртау ауданының Логовое, Жамбыл ауданының Жекекөл көлдерiнде балықтардың қырылуы су айдындарының таяз учаскелерiнiң түбiне дейiн iшiнара қатып қалуы салдарынан болғанын анықтады.

Айыртау ауданының Құсбек көлiнде балықтың қырылуы суда ерiген оттегiнiң жетiспеушiлiгiнен болды.

Су айдындарындағы ихтиофаунаның жай-күйi туралы биологиялық материал жинау мақсатында бақылау үшiн аулау жүргiзу жоспарлануда.

Сонымен қатар, өлiмге жол бермеу мақсатында комиссия Бугровое, Пруд және Логовое көлдерiнде мелиорациялық балық аулауды жүргiзудi ұсынды.

Пестрое және Жекекөл көлдерiнде су қоймаларының қиылған учаскелерiнде жалға алушыларға балық пен олардың шабақтарын құтқаруды ұйымдастырсын.