Көктемгi орман өсiру жұмыстары

Көктемгi орман өсiру жұмыстары

Елдi ауқымды көгалдандыру аясында бес жыл iшiнде 2021-2025 жылдарға арналған орман дақылдары мен тұқым отырғызу материалдарымен қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шаралар жоспары әзiрлендi. «Жамбыл орман шаруашылығы» КММ жыл сайын орманды қалпына келтiру iс-шараларын өткiзедi.

Орманды қалпына келтiру — ағаш кесуге, өртке және т.б. ұшыраған жерлерде орман өсiру. Орманды қалпына келтiру жаңа ормандарды құру немесе ағаш түрлерiнiң құрамын жақсарту үшiн қолданылады.

Орманды қалпына келтiрудiң негiзгi әдiсi — Колесов қылышын қолдана отырып, қолмен және отырғызу машинасының механикаландырылған әдiсiмен орындалатын орман дақылдарын отырғызу.

2022 жылдың көктемгi кезеңiнде орман дақылдарын отырғызу 72,0 гектар алқапта 216 мың дана қайың және кәдiмгi қарағай көшеттерiн 8 гектар алқапта 48 мың дана көлемiнде жүргiзiлдi.

Орман дақылдарын толықтыру 97 гектар алқапта жүргiзiлдi және 126 мың дана қайың көшеттерi отырғызылды.

ҚМУ-да кәдiмгi қарағай бүршiктерiн өңдейтiн бүршiк кептiргiш бар. Қазiргi уақытта 1000 килограмм бүршiк өңделiп, 10 килограмм мөлшерiнде тұқым алынды. «Жамбыл орман шаруашылығы» КММ-нiң өндiрiстiк жоспарын iске асыруға байланысты 94-тоқсанда ауданы 1,0 гектар және 119-тоқсанда ауданы 1,0 гектар уақытша питомниктердi кеңейту бойынша жұмыстар жүргiзiлуде. 2023 жылы 1547,0 мың дана қайың — 672,0 мың дана, қарағай — 875,0 дана көлемiнде отырғызу материалын өсiру жоспарлануда.

Орманды қорғау және күзету инженерi Т.Г. Темiрбай