«Аққайың орман шаруашылығы» КММ-де өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткiзiлдi

«Аққайың орман шаруашылығы» КММ-де өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткiзiлдi

Ағымдағы 2022 жылдың мамыр айында «Аққайың орман шаруашылығы» КММ Аққайың ауданының ТЖ бөлiмi, ӨСБ-9 қызметкерлерiмен бiрлесiп, Астрахан ауылдық округiнiң Қаратомар ауылы маңындағы Қаратомар орманшылығында орман және дала өрттерiн болдырмау және оларды елдi мекендерге көшiру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өткiзiлдi. Оқу-жаттығу басталар алдында оған қатысатын күштер мен көлiк құралдарын құру ұйымдастырылды, барлық қатысушылармен қауiпсiздiк техникасы бойынша нұсқаулық өткiзiлдi. Оқу-жаттығу аудандық ТЖБ бастығы азаматтық қорғау подполковнигi Е.Ж. Шәрiповтiң басшылығымен өткiзiлдi.

Оқу-жаттығудың мiндетi — орман өртiн жоюға тартылатын күштер мен құралдардың шоғырлануының нақты уақытын анықтау, оларды орналастыру схемасын пысықтау. Орман шаруашылығы қызметкерлерiнiң ТЖБ және 9-ӨСБ өрт сөндiру бөлiмiнiң қызметкерлерiмен өзара iс-қимылын пысықтау. Өртке қарсы құрал-саймандармен, өртке қарсы жабдықтармен жұмыс iстеу, өрт кезiнде радиобайланысты ұйымдастыру бiлiгiн тексеру.

Оқу-жаттығуға «Аққайың орман шаруашылығы» КММ-нен: орман өрт сөндiрушiсi және өрт автомобилiнiң жүргiзушiсi, тракторшы — 4 адам, Қаратомар орманшылығының орман күзетiнiң қызметкерлерi — 4 адам қатысты. Жұмылдырылған техника: өрт сөндiру автомобилi Газ-33088 АЦ-40 — 1 бiрл., трактор МТЗ-82,1 соқамен ПКЛ-70 — 1 бiрл. Өрт сөндiру есебi ӨБ — 9-5 адам, ТЖБ қызметкерлерi — 4 адам.

Тартылған күштер мен құралдардың үйлесiмдi iс-қимылының арқасында шартты өрт қысқа мерзiмде жойылды. Оқу-жаттығу аяқталғаннан кейiн ТЖБ бастығы Е.Ж. Шәрiпов қатысушыларға қатысқаны үшiн алғысын бiлдiрдi.

«Аққайың орман шаруашылығы» КММ
орман қорғау инженерi
Т.Ж. Нұрғалiмов