
2022 жылғы 20 мамырда СҚО әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының, Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының, табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды енгізу кезеңінде жаңа піскен балықты аулаудың заңдылығын тексеру мақсатында Петропавл қаласының сауда орындарында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын заңсыз сауданы анықтау және алдын алу, сақтау және тасымалдау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізілді.
Рейдтік іс-шараларды өткізу барысында екі азамат ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 389-бабы бойынша жабайы жануарлар түрлерін заңсыз иемденгені, өткізгені, тасымалдағаны, әкелгені, әкеткені, сақтағаны (ұстағаны) үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жалпы сомасы 27 кг балық алынды. Материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.