Абайлаңыз Рейд!

Абайлаңыз Рейд!

Жабайы жануарларды қорғаудың тиімділігін арттыру мақсатында құрамында: СҚО әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы КММ және Солтүстік Қазақстан облысы аумағында рейдтік іс-шаралар өткізу үшін ведомстволық бағынысты орман мекемесінің қызметкерлері бар жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі жедел топ құрылды.

Мәселен, 2022 жылғы 13.05. Шал ақын ауданы аумағында рейдтік іс-шаралар өткізу барысында Тимирязев ауданы, Жаркен ауылының үш тұрғыны заңсыз аң аулау кезінде ұсталды. Үш аңшылық мылтық, соның ішінде бір тіркелмеген 12 калибрлі мылтық және заңсыз алынған 1 ақ маңдайлы қаз дарағы тәркіленді.

Аң аулау ережелерін бұзғаны үшін жалпы сомасы 60 мың теңгеден астам 3 әкімшілік айыппұл салынды.

Ақ маңдайлы қазды заңсыз алып қойғаны үшін мемлекетке келтірілген шығын – 22,9 мың теңге.

Көктемде қазды аулаудан бас тартуды өтініп сұраймыз. Аң аулау ережелеріне сәйкес қыркүйектің бірінші сенбісінен 30 қарашаға дейін рұқсат етілген кезеңде ғана аң аулауға болады.