Ағаш көшеттерi бойынша iс-шаралар

Ағаш көшеттерi бойынша iс-шаралар

Қазақстан Республикасының Призидентi Қ.К. Тоқаевтың 2020 жылғы 1-шi қыркүйектегi жолдауына сәйкес «Орлиногор орман шаруашылығы» КММ-де орман шаруашылығы жұмыстарын тұқым және көшет материалдарымен қамтамасыз ету бойынша өндiрiстiк iс-шаралар жоспары әзерленiп бекiтiлдi.

Осы жоспарды орындау мақсатында 2021 жылдың күзiнде «Орлиногор орман шаруашылығы» КММ-де отырғызу материалына қажеттiлiктi қамтамасыз ету үшiн мекеме тәлiмбағында егiс бөлiмшесiнiң алаңы ұлғайтылды. 2021 жылдың күзiнде 1,5 гектар алқапта қотыр қайың тұқымы егiлдi. 2022 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын суару үшiн тамшылатып суару жүйесiн сатып алды. Жүйеге су беру үшiн тиiсiнше көлемi 25 м3 және 10 м3 болатын екi резервуар орнатылды. Цистернадағы суды ұңғыдан тракторлар алып келедi.

2022 жылы 1200 мың дана көлемiнде көгалдандыру материалын өсiру жоспарлануда (қотыр қайың — 600 мың дана, кәдiмгi қарағай — 600 мың дана).

«Орлиногор орман шаруашылығы» КММ
директорының орынбасары
Т.П. Семенов