Халықтың өз мұқтажы үшiн шөпшектi теру және жинауы Қазақстан Республикасы Орман кодексiнiң 91-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Заңда шөпшектi теру үшiн Сiз тұратын жерiңiздегi мемлекеттiк орман шаруашылығына жүгiнiп, кеспеағаштан тыс жерлерде қоқыс жинауға өтiнiш беруiңiз керек деп белгiленген.
Мемлекеттiк орман иеленушi сiздiң өтiнiмiңiздi (кеспеағаштан тыс қоқыстарды дайындау көлемi болған кезде) қарап, орманшылықты, орамды, сүрек санын және дайындау мерзiмдерiн көрсете отырып, рұқсат беру құжаттарын бередi. Сондай-ақ, рұқсат беру құжаттарында өлген ағашты босататын және өлшейтiн лауазымды тұлға (орман шеберi немесе орманшы) көрсетiледi.
Рұқсат беру құжаттарын беру төлем жасалғаннан кейiн жүргiзiледi, оның құнын Солтүстiк Қазақстан облысының сауда-өнеркәсiп палатасы (маркетингтiк зерттеулер негiзiнде) 1 текше метрге қайың және көктерек ағаштарын — 155 теңгеге, қарағайды — 200 теңгеге белгiледi.
Ағаш кесу қағидаларында шөпшектi теру кезiнде жер бетiнде жатқан ағаш дiңдерiнiң қалдықтарын, кеспеағаш жұмыстарын жүргiзу орындарында кесу қалдықтары болып табылмайтын және (немесе) ағаштардың зиянды организмдер зақымдаған кезде, бұрқасын, қар басқан кезде олардың табиғи құрып кетуi салдарынан пайда болған бұтақтарды жинау жүзеге асырылатыны көзделген. Шөпшектi теру рұқсат құжатында көрсетiлген кезеңде жол берiледi.
Қолмен және бензомоторлы құралдарды пайдалануға жол берiледi. Өсiп тұрған және қураған ағаштарды кесуге, желсұлатпа және дауыл құлатқан ағаштарды (жасыл қылқан және жапырақты ағаштар) кесуге және шабуға тыйым салынады.
Тракторлар мен машиналарды сүйреу үшiн пайдалануға жол берiлмейдi. Сүйретпелердi шабуға, сондай-ақ ағаштарды бүлдiруге тыйым салынады.
Түбiрiнде тұрған құрғақ ағаштар (қураған ағаштар) кеспеағашқа, сондай-ақ кесiндi қалдықтары мен кеспеағаш жұмыстарын жүргiзу орындарында қалдырылған дайындалған сүрек жатқызылмайтынына назар аудару қажет.
Ағаштардың табиғи өлу белгiлерiне бұтақтар мен шыңдарда жасыл инелер мен жапырақтардың болмауы, сор ағысының тоқтауы, ағаш дiңiнен қабығының жартылай немесе толық бөлiнуi, ағаш түсiнiң өзгеруi (қараюы, сұр түске айналады, қара қоңыр түс), дiң шiрiгi, дiң саңырауқұлақтары, зең, мүк басуы, дiң зиянкестерi iздерiнiң бар болуы жатады.
«Шөпшек» ұғымының дұрыс түсiндiрiлуiн және оны жинау ережелерiн бiлмеу әкiмшiлiк жауапкершiлiкке әкелуi мүмкiн.
Шикi өсiп тұрған және қураған ағаштардың не өлген болып табылмайтын желсұлатпа және дауыл құлатқан ағаштардың сүрегiн заңсыз дайындағаны үшiн жеке тұлғалар ҚР ӘҚБтК-нiң 381-1-бабының 1-бөлiгiне сәйкес әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуы мүмкiн.
Сүрек дайындау мен тасып әкетудiң белгiленген тәртiбiн бұзғаны үшiн жеке тұлғалар үшiн 10 АЕК дейiн айыппұл түрiнде әкiмшiлiк жауапкершiлiк қарастырылған.
Орман шаруашылығы және
ЕҚТА бөлiмiнiң статистигi
С.Е. Сүлейменова