Халықаралық Жер күнiне арналған шығармашылық конкурстың қорытындысын шығару

Халықаралық Жер күнiне арналған шығармашылық конкурстың қорытындысын шығару

2022 жылғы 22 сәуiрде басқарманың қолдауымен М. Қозыбаев атындағы СҚУ «География және экология» кафедрасының ұйымдастыруымен Халықаралық Жер күнiне арналған жыл сайынғы мектеп және студенттiк жұмыстардың шығармашылық байқауы қорытындыланды.

Халықаралық Жер күнi — бұл адамзатты Жер планетасындағы осал ортаға мұқият болуға шақыратын көктемде 20 наурызда және 22 сәуiрде өткiзiлетiн шара.

Iс-шара бiздiң әрқайсымыз өз планетамызға және оның экожүйелерiне қарыздар екенiмiздi, адам мен табиғаттың үйлесiмдiлiгiне ұмтылуымыз керек екендiгiн еске салуға мүмкiндiк бередi.

«Поэтикалық шеберлiк», «Таңғажайып табиғат» табиғи материалдан жасалған үздiк қолөнер», «Айналамыздағы табиғат» үздiк фотосурет», «Үздiк ғылыми жоба» және «Экология. Мәселелер мен перспективалар» табиғаттың үздiк бейнеролигi» номинацияларының жеңiмпаздары анықталды.

Байқау жеңiмпаздары сертификаттар мен дипломдармен марапатталды, оның iшiнде «Таңғажайып табиғат» табиғи материалынан жасалған үздiк қолөнер» номинациясы бойынша басқарма дипломдарымен:

3 орын — Көбеген Малика «Күзгi орман тұрғындары», Вечканов Владимир «Совушка»;

2 орын — Шерстова Ульяна «Күзгi калейдоскоп», Петрушевский Илья «Жануарлар әлемi»;

1 орын — Елубаев Закир марапатталды.

Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және табиғатты қорғау бағдарламалары
бөлiмiнiң бас маманы А. Славный