2022 жылғы 28 және 29 наурызда «Орлиногор орман шаруашылығы» КММ-де Солтүстік Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы Солтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен бірлесіп, орман шаруашылығының 2022 жылғы өрт қауіпті маусымға дайындығын тексерді.
Тексеруден автотракторлық техника, тіркеме және аспалы жабдық, алғашқы өрт сөндіру құралдары, өрт сөндіру автомашиналары және өртке қарсы жылжымалы сыйымдылықтар, сондай-ақ тиесілік және радиобайланыс нормаларына сәйкес орман өрт сөндіру станциясының жинақталуы өтті.
Тексеру нәтижелері бойынша «Орлиногор орман шаруашылығы» КММ-нің дайындық деңгейі қанағаттанарлық деп анықталды.
Аталған іс-шараға «Орлиногор орман шаруашылығы» КММ-нің 2022 жылғы өрт қауіпті маусымға дайындығына тікелей жауапты қызметкерлері, сондай-ақ мекеменің тракторшылары, жүргізушілері, шеберлері, орманшылары және әкімшілік-басқару аппараты қатысты.
2022 жылғы өрт қаупі бар маусымда Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік орман қорын күзету мен қорғауда СҚО әкімінің бірінші орынбасары М. И. Тасмағамбетовтің егістіктерде сабан, шөп өсімдіктерін жағуға және ҚТҚ полигондарын жағуға тыйым салу туралы қолы қойылған телефонограмма жақсы және уақтылы серпіліс болды.
Бұл телефонограмма ормандарды өрттен қорғау және қорғауда облыстың орман шаруашылығы қызметкерлеріне жақсы қолдау болып табылады.
Директордың орынбасары
Т. П. Семенов