2022 жылғы 23 сәуір мен 7 мамыр аралығында таңсәріден бастап құр мен жабайы үйректердің межектерін (ҚР Қызыл кітабына енгізілген түрлерден басқа) аулаудың көктемгі маусымының басталуына байланысты «Мамлют орман шаруашылығы» КММ Мамлют ауданының аумағында аң аулау 2015 жылғы 27 ақпандағы №18-03/157 аң аулау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылатынын хабарлайды.
Жабайы үйректердің межектерін аулауға тек еліктеуші үйрекпен немесе тұлыптармен ғана жол беріледі.
Көктемгі аң аулау маусымының ашылуымен мемлекеттік орман күзетінің қызметкерлері Мамлют ауданының полиция бөлімімен бірлесіп браконьерлік және заңсыз аң аулау фактілерінің жолын кесу бойынша рейдтік іс-шаралар өткізеді.
Аң аулау ережелерін бұзу түріндегі табиғат қорғау заңнамасын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабы (ескерту немесе 5 АЕК-тен әкімшілік айыппұл), заңсыз аң аулағаны үшін ҚР ҚК-нің 337-бабы (3000 АЕК-тен айыппұл), ормандарда өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 367-бабы 1-бөлігі (10 АЕК-тен әкімшілік айыппұл) қолданылады.
Аң аулау кезінде келесі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажет:
Құрметті аудан тұрғындары!!! Құстардың өлім-жітімі анықталған жағдайда ҚМУ кеңсесіне 2-13-08 телефон нөмірі бойынша хабарлауыңызды сұраймыз.
«Мамлют орман шаруашылығы» КММ әкімшілігі