
Орман күзетiнiң негiзгi мiндеттерi орман өрттерiнiң алдын алу, оларды уақтылы анықтау және жою, ағашты заңсыз кесу және зақымданудан қорғау, орман зиянкестерi мен ауру ошақтарын уақтылы анықтау, сондай-ақ мемлекеттiк орман қорын қорғау, күзету, ормандарды молықтыру және орман өсiрудi қамтамасыз ететiн басқа да iс-шаралар жүргiзу.
Бiлiм деңгейiн жоғарылату мақсатында мемлекеттiк орман күзетi жұмысшылары үшiн жыл сайын оқыту жүргiзiледi. «Қызылжар орман шаруашылығы» КММ-де 17-18 наурыз аралығында мемлекеттiк орман күзетi қызметкерлерiне арналған жыл сайынғы техминимум өткiзiлдi. Техминимум орманшылықтар күнтiзбелiк оқу жоспарына сәйкес өткiзiлдi. Дәрiс тақырыптары КММ-нiң iшкi бұйрығы негiзiнде бекiтiлдi.
Техминимумды КММ-нiң инженерлiк-техникалық құрамы жүргiздi. Өткiзiлген дәрiстер тақырыбы: «ҚР ормандарындағы өрт қауiпсiздiгi қағидалары». «Өрттiң алдын алу, орман өрттерiн сөндiру әдiстерi мен ерекшелiктерi». «Заңсыз ағаш кесу, ормандарды қорғауды ұйымдастыру». «Орман дақылдарын түгендеу, техникалық қабылдау». «Орман тұқымы және орман дақылдары өндiрiсi». «Орман тұқымдарын дайындау, қайта өңдеу, сақтау мен пайдалану жұмыстарын ұйымдастыру және олардың сапасын бақылау қағидалары». «Кеспеағаштарды белгiлеу және таксациялау». «Ағаш кесу қағидалары». «Ағашты түбiрiмен босату қағидалары». «Орманды жанама пайдалану қағидалары». «ҚР аумағында аң аулау қағидалары». Сондай-ақ, ҚР Әкiмшiлiк кодексiне енгiзiлген өзгерiстер, табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы құқық бұзушылықтар мәселелерi талқыланды.
Орман пайдалану инженерi Е.С. Гайворон