
2022 жылғы 14.02.-ден бастап 18.02.-ге дейiн және 28.02.-ден бастап 04.03.-ге дейiн Щучинск қаласында Солтүстiк Қазақстан облысының мемлекеттiк орман шаруашылығы директорлары мен директорларының орынбасарлары бiлiктiлiгiн арттыру курстары өткiзiлдi. Курстар орман шаруашылығының басшы қызметкерлерi мен мамандарының бiлiктiлiгiн арттыру республикалық орталығының базасында теориялық бiлiм мен практикалық дағдыларды жетiлдiрудi көздейтiн 40 сағаттық бағдарлама бойынша өткiзiлдi. Бағдарламада «Ормандарды тұрақты басқару», «Орман селекциясы және тұқым шаруашылығы», «Орман питомниктерiн құру және көшет материалын өсiру», «Орман патологиялық мониторинг және профилактикалық iс-шаралар жүргiзу», «Орман орналастыру және ормандарды түгендеу» және «Орман заңнамасы» және т.б. мәселелер бойынша өзектi тақырыптар мен негiзгi бағыттар қамтылды. Оқу кезеңiнде «Бурабай» мемлекеттiк ұлттық табиғи паркiне, республикалық орман селекциялық-тұқым өсiру орталығына барды, сондай-ақ Бурабай курорттық аймағының көркем жерлерiне экскурсия ұйымдастырылды. Бiлiктiлiктi арттыру курстарын өткiзуге көп жылдық практикалық тәжiрибесi бар оқытушылар мен осы саладағы жетекшi мамандар жұмылдырылды. Оқу аяқталғаннан кейiн тыңдаушыларға сертификаттар берiлдi.
Орман шаруашылығы және
ЕҚТА бөлiмiнiң статистигi
С.Е. Сүлейменова