ҚР Парламентi Мәжiлiсi депутатының Солтүстiк Қазақстан облысындағы орман мекемелерiнiң өкiлдерiмен кездесуi

ҚР Парламентi Мәжiлiсi депутатының Солтүстiк Қазақстан облысындағы орман мекемелерiнiң өкiлдерiмен кездесуi

2022 жылғы 21 ақпанда «Аграрлық үйдiң» кiшi залында Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты А.А. Милютинмен және Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрi Ә.Л. Шалабековамен, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесi комитетi төрағасының орынбасары Е.Н. Құтпанбаевтың қатысуымен кездесу өттi. Кездесуге Солтүстiк Қазақстан аумақтық орман шаруашылығы инспекциясының, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының, Су ресурстарын қорғау жөнiндегi Есiл бассейндiк инспекциясының өкiлдерi, орман шаруашылықтарының директорлары шақырылды. Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Б.Қ. Исманов өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiн қорғау, қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру, сондай-ақ Мемлекет басшысының 2 млрд ағаш отырғызу жөнiндегi тапсырмасын орындау жөнiнде ақпарат бердi. Орман шаруашылығы қызметiн жүргiзу бойынша «Соколов орман шаруашылығы» КММ директоры Н.Н. Қапаров сөз сөйледi. Талқылау барысында кездесуге қатысушылар бүгiнгi күнi өзектi болып табылатын және уәкiлеттi мемлекеттiк органдар тарапынан пысықтауды талап ететiн проблемалық мәселелердi көтердi. Барлық қойылған сұрақтарға толық жауаптар алынды. Қонақтар құқықтық мәселелерге қатысты уәкiлеттi органдар заңнаманы жетiлдiруге бағытталған тұрақты негiзде жұмыс жүргiзiп жатқанын атап өттi. Қазiргi уақытта кездесуде көтерiлген бiрқатар мәселелер мемлекеттiк органдардың қарауында жатыр. Қазақстан Республикасының бiрқатар заңнамалық актiлерiне табиғи ресурстарды орнықты және ұтымды пайдалануға және қолайлы қоршаған орта құруға бағытталған өзгерiстер мен толықтырулар, түзетулер үнемi енгiзiлiп отырады. Жұмыс сапары барысында Бескөл кентiндегi «АБД-Орманы» ЖШС ұзақ мерзiмдi орман пайдалану орман пайдаланушысының аумағына барып, жылыжай кешенiн, ағаш өңдеу бойынша өндiрiстiк аумақты қарап, еңбек ұжымымен кездестi. Келесi нысандар — Петропавл қаласындағы ботаникалық бақ, «Мамлют орман шаруашылығы» КММ аумағы, орман өрт сөндiру станциясы мен орман питомнигi және Петропавл балық питомнигi. Өткен кездесу мемлекеттiк органдардың өзара iс-қимылының проблемалары мен мәселелерiн талқылау үшiн жақсы себеп болды. Проблемалық мәселелер бақылауға алынды.

Орман шаруашылығы және ЕҚТА
бөлiм маманы
С.Е. Сүлейменова