Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман шаруашылығын ұйымдастыру

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман шаруашылығын ұйымдастыру

2022 жылғы 01.01. жағдай бойынша әкімдіктің қарамағындағы мемлекеттік орман қорының жалпы алаңы 549,6 мың гектарды құрайды, оның ішінде 442,2 мың гектар орманмен қамтылған. Өңірдегі негізгі орман құраушы тұқымдылар қайың (алып жатқан аумағы бойынша 87%) және көктерек (7%) болып табылады, қылқан жапырақты екпелер орманмен қамтылған екпелердің 2%-дан азын алады.

Облыстың ормандылығы шамамен 5,5%-ды құрайды.

Орман шаруашылығын ұйымдастыру және жоспарлау жөніндегі негізгі іс-шаралардың бірі орман орналастыру жұмыстарын жүргізу болып табылады.

Орман орналастыру жұмыстарын жүргізу кезінде мемлекеттік орман қорының шекаралары, оның ішінде орманшылықтарға, орман шеберханаларына бөлу және орман айналымдары белгіленеді, мемлекеттік орман қорын картографиялау, ормандарды түгендеу, басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу, аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу, басқа да ағаш кесу үшін учаскелерді анықтау, ормандарды молықтыру мен орман өсіру, мелиорация, ормандарды күзету мен қорғау жөніндегі іс-шараларды және басқа да орман шаруашылығы іс-шараларын белгілеу, сондай-ақ оларды жүргізу тәртібі мен

Орман орналастыру уәкілетті орган бекіткен ережелерге сәйкес бірыңғай жүйе бойынша орындалады.

Орман орналастыру жұмыстары мемлекеттік монополияға жатады және уәкілетті органның (ҚР ЭГТРМ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің) тапсырысы бойынша мемлекеттік орман орналастыру ұйымымен («Қазақ орман орналастыру кәсіпорны» РМҚК) жүзеге асырылады.

Орман орналастыру материалдары тексеру кезеңіне (10-15 жыл) бекітіледі. 2018 жылы облыстың барлық 12 орман шаруашылығы мекемелері бойынша орман орналастыру жобаларының қолданылу мерзімі аяқталды.

2020-2021 жылдар ішінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік орман қорының барлық аумағында табиғи орман орналастыру жұмыстары (2020 жылы дайындық жұмыстары, 2021 жылы дала жұмыстары) жүргізілді.

Өткен 2021 жыл ішінде мемлекеттік орман иеленушілер Қазақ орман орналастыру кәсіпорнының мамандарымен бірлесіп шаруашылық қызмет жүргізілген учаскелерді және дүлей немесе өзге де қолайсыз әсерлерге ұшыраған учаскелерді зерттеді.

Дала жұмыстарының алдында жаттығу жұмыстары жүргізілді.

Орман шаруашылығы өндірісін және орман пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі мәселелерді ұсынымдарға сәйкес және тексеру кезеңінде орман қорында болған өзгерістерді ескере отырып шешу үшін әрбір мемлекеттік орман шаруашылығында барлық мүдделі ведомстволардың қатысуымен техникалық кеңестер өткізілді.

2022 жылы алынған нәтижелер камералдық өңдеуден өтеді және 2023 жылдың басында дайын орман орналастыру жобалары белгіленген тексеру кезеңі ішінде жұмыс істеу үшін орман шаруашылықтарына түседі.

Мемлекеттік орман иеленудің орман орналастыру жобалары және орман орналастырудың басқа да құжаттары мемлекеттік экологиялық сараптамадан өтеді, уәкілетті орган – ҚР ЭГТРМ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетімен бекітіледі және орман шаруашылығын жүргізу, оны ағымдағы және перспективалық жоспарлау үшін міндетті нормативтік актілер болып табылады.

Орман шаруашылығы және ЕҚТА
бөлімінің маманы С. Е. Сүлейменова