2021 жылғы өрт қаупi бар маусымның қорытындылары және 2022 жылы Солтүстiк Қазақстан облысының аумағында орман өрттерiмен күрес жөнiндегi мiндеттер

2021 жылғы өрт қаупi бар маусымның қорытындылары және 2022 жылы Солтүстiк Қазақстан облысының аумағында орман өрттерiмен күрес жөнiндегi мiндеттер

2021 жылғы өрт қаупi бар маусым iшiнде Солтүстiк Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының қарамағындағы орман қоры жерлерiнде жалпы алаңы 68,2 га 30 орман өртi тiркелдi, залал сомасы 6 млн 2 мың теңгенi құрады.

2020 жылмен салыстырғанда орман өрттерiнiң саны 7%-ға артып, ауданы 20%-ға төмендедi.

Орман өрттерiнiң шығуына 7 кiнәлi тұлға анықталды (23%), оларға 1 млн 51 мың теңге сомасында залалды өтеуге талап қойылды, толық көлемде өндiрiлдi.

Орман қорына iргелес жерлерде 223 өрт тiркелдi, бұл өткен 2020 жылмен салыстырғанда 10%-ға аз.

Мемлекеттiк орман күзетiнiң қызметкерлерi тұрғындар мен түрлi құралымдардың ормандағы өрт қауiпсiздiгi қағидаларын бұзуына 60 хаттама толтырды. 1 млн 50 мың теңге сомасына әкiмшiлiк айыппұл салынды, 100% өндiрiлдi.

2021 жыл iшiнде өртке қарсы алдын алу iс-шаралары жүргiзiлдi — 1380 км жолақтарды (жылдық жоспардан 101%) орнату және 28235 км жолақтарды (жоспардан 100%) күту, 1135 дана санында (жоспардан 100%) аншлагтар орнатылды. ҚР ормандарында өрт қауiпсiздiгi ережелерiн сақтау бойынша шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге 857 жадынама берiлдi, өртке қарсы тақырыпта 3386 үнпарақ таратылды, ұйымдарда, кәсiпорындарда және мектеп орындарында 472 дәрiс пен әңгiме ұйымдастырылды және өткiзiлдi.

Басқарма және орман шаруашылықтары бұқаралық ақпарат құралдарында табиғат қорғау тақырыбына 153 мақала жариялады, теледидардан 9 сөз сөйлеу ұйымдастырылды.

Солтүстiк Қазақстан облысының орман шаруашылықтарын 2022 жылғы өрт қауiптi кезеңге дайындау мақсатында мынадай iс-шаралар жоспарланған:

  • 2022 жылғы 18.02-нен 2022 жылғы 18.03-не дейiн 2022 жылдың өрт қауiптi маусымына дайындық айлығы;
  • Өртке қарсы техниканы, бақылау объектiлерi мен өрт сөндiру құралдарын жөндеу, орман өрт сөндiру станцияларын өрт сөндiру командаларымен, өртке қарсы мүкәммалмен және жабдықпен жасақтау;
  • Барлық деңгейлерде тұрақты радио және телефон байланысын ұйымдастыру;
  • Мемлекеттiк орман күзетi қызметкерлерiмен өртке қарсы және ТЖ қызметтерiмен бiрлесiп орман өрттерiн сөндiру кезiнде iс-қимылдарды пысықтау бойынша семинарлар мен оқу-жаттығулар өткiзу;
  • Үгiт-насихат жұмысының жоспарын әзiрлеу;
  • Әрбiр орманшылық бойынша алдын ала өртеу жүргiзу жоспарын картаға түсiрiп және жауапты тұлғаларды көрсете отырып әзiрлеу.

Аталған iс-шаралар орман өрттерiнiң санын азайтуға, өрт ошақтарын жедел анықтауға және жоюға бағытталған.

Бөлiмiнiң басшысы орман
шаруашылығы және ЕҚТА
В.А. Лабанчук