Хабарландыру

Хабарландыру

«Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексiнiң 95 және 96-баптарының талаптарына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрiнiң м.а. 2021 жылғы 3 тамыздағы № 286 бұйрығымен бекiтiлген Қоғамдық тыңдауларды өткiзу қағидаларының 41-тармағының 4-тармақшасына және 42-тармағына сәйкес, 28.12.2021ж. бастап 13.01.2022 ж. дейiнгi кезеңде «Энергия өндiру мақсатында iрi қондырғыларда отын жағу», «Мұнай және газ өңдеу», «Бейорганикалық химиялық заттар өндiрiсi», «Цемент және әк өндiрiсi» ең үздiк қолжетiмдi техникалар бойынша анықтамалықтардың жобалары бойынша жария талқылаулар арқылы қоғамдық тыңдаулар өтетiнiн хабарлайды.

Жоғарыда көрсетiлген ең үздiк қолжетiмдi техникалар бойынша анықтамалықтардың жобаларын Бiрыңғай экологиялық порталдан, Жария талқылаулар жарияланған айдардан қарауға болады (Ecoportal.kz).

Барлық ескертулер және/немесе ұсыныстар бiрыңғай экологиялық порталда қабылданады (Ecoportal.kz).

Қосымша ақпаратты мына мекенжайдан алуға болады: 010000, Нұр-Сұлтан қ., Мәңгiлiк Ел даңғылы, 55, C1.4 блогы және мына телефондарға хабарласуға болады: +7 7172 797-795.