Өрт қауіпті маусымның қорытындысы

Өрт қауіпті маусымның қорытындысы

Ағымдағы жылдың 8 қарашасында 2021 жылдың сәуір айынан басталған өрт қауіпті маусымы аяқталды. Өрт қауіпті маусым ыстық және құрғақ болды, жауын-шашын ұзаққа созылмады, соның нәтижесінде «Булаев орман шаруашылығы» КММ аумағында 11 өрт тіркелді, бұл 2020 жылғы өрт қауіпті маусымға қарағанда 28 өртке аз. Сондай-ақ 7,5 га алаңда 4 орман өрті тіркелді, бұл 2020 жылға қарағанда 0,11 га артық. Орман өрттерінің бірі бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 367-бабы 2-бөлігі бойынша хаттама толтырылып, орман өртіне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін 36,4 мың теңге әкімшілік айыппұл салынды және шығын сомасы 94,9 мың теңгені қүрады, ол толық көлемде өндіріліп алынды. Орман өртіне айналған өрттердің бірі Ресей Федерациясы жағынан келді.

Орман шаруашылығы қызметкерлері 367 бабы 1 тармағы бойынша 8 хаттама толтырып, орман өртіне әкеп соқпаған ормандағы өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу бойынша 116,7 мың теңге сомасына әкімшілік айыппұл салды және ол толық көлемде өндірілді.

«Булаев орман шаруашылығы» КММ аумағында өрттің алдын алу және онымен күресу үшін орман күзеті мен ұзақ мерзімді орман пайдаланудың орман пайдаланушылары күштерімен өрт қауіпті маусымда жалпы ұзындығы 2631 шақырым минералдандырылған жолақтарға күтім жасалды және ұзындығы 102 шақырым жаңа минералдандырылған жолақтар жасалды.

«Булаев орман шаруашылығы» КММ
әкімшілігі