Қотыр қайыңның күзгі егісі

Қотыр қайыңның күзгі егісі

2021-2025 жылдарға арналған орман екпе жұмыстарын тұқыммен және көшеттермен қамтамасыз ету бойынша өндірістік іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2021 жылға арналған жоспарға сәйкес қайың егу 1,2 га құрайды.

2021 жылдың 23-25 қарашасы кезеңде «Соколов орман шаруашылығы» КММ аумағында Налобин, Виноградов және Краснояр орманшылықтарының уақытша тәлімбақтарында қотыр қайыңның жоспарлы күзгі егісі жүргізіліп, егіске жалпы ауданы 1,7 га жерге 575 кг II класс сапалы тұқымы жұмсалды. Егу қолмен жүргізіліп, агротекс пленкасымен жабылды.

Жұмысты «Соколов орман шаруашылығы» КММ орман күзетінің 24 адамнан тұратын бригадасы орындады.

Орманды қалпына келтіру инженері
Н. Евсюкова