
«Қызылжар орман шаруашылығы» КММ Боголюбово орман шаруашылығы аумағында қылқан жапырақты ағаш тұқымдыларды қорғауды күшейту мақсатында 2021 жылғы 01 желтоқсаннан бастап Ивановка селосында 1 стационарлық пост ұйымдастырылды. Вагончик орнатылды, күзет орындары тұрақты радио байланысы, жағатын отынмен қамтамасыз етілді. Қылқан жапырақты ағаш тұқымдыларды қорғау үшін 3 мобильді топ құрылды, бекітілген кезекшілік кестесіне сәйкес, орман күзетшілерімен тәулік бойы күзетіледі.
Кезекшілік 2022 жылғы 01 қаңтарға дейін ұзартылды, есепті кезеңде заңсыз ағаш кесу фактілері тіркелген жоқ.
Боголюбово орманшылығының
ормандарды молықтыру
және орман өсіру жөніндегі
орман шебері Ә.А. Айтишкина