2021 жылдың 20 қазанында «Аққайың орман шаруашылығы» КММ ұжымы атынан директор Азамат Қажғалиұлы Сүлейменов кадрлар жөніндегі инспектор Жұмазия Әнуарбекқызы Сақтағанованы 60 жылдық мерейтойымен және зейнеткерлік жасқа жетуімен құттықтады! Жұмазия Әнуарбекқызында орман шаруашылығындағы 25 жыл жұмыс өтілі бар, еңбек жолын 1997 жылдан бастап «Аққайың орман шаруашылығы» КММ-де хатшы болып бастаған. Өзінің еңбек қызметі жылдарында ол өзін әдепті, білімді, жанашыр, ақкөңіл адам ретінде көрсетті. Ұжымда жылы, мейрімді ахуалды сақтап, орман шаруашылығының қызметіне белсенді қатысады.
Құрметті, Жұмазия Әнуарбекқызы,

Мерей тойыңыз құтты болсы!
Жеміс берсін тер төккен еңбегіңіз,
Бақыт болсын әрдайым көргеніңіз!
Дәулет пен мерейіңіз таси берсін,
Арта берсін абырой — беделіңіз!
«Аққайың орман шаруашылығы» КММ
әкімшілігі