
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң м.а. 27.02.2015 жылғы № 18-03/157 «Аң аулау ережесiн бекiту туралы» бұйрығына және Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрiнiң м. а. 2021 жылғы 14 сәуiрдегi № 104 бұйрығына сәйкес. «2021 жылғы 1 шiлдеден бастап 2022 жылғы 1 шiлдеге дейiн жануарлар дүниесi объектiлерiн алып қою лимиттерiн бекiту туралы» 2021 жылғы 1 қарашадан бастап ҚР-да қысқы аң аулау маусымы басталады. «Булаев орман шаруашылығы» КММ заңсыз аң аулауға және аң аулау ережелерiн бұзуға жол бермеу туралы ескертедi.
ҚР ӘҚБтК-нiң 382-бабының 1-тармағына сәйкес аң аулау қағидаларын бұзғаны үшiн: «Қылмыстық жазаланатын iс-әрекет белгiлерi жоқ, жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын және (немесе) аң аулау қағидаларын бұзу — ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға бес АЕК (14585 тг.) мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады».
ҚР Қылмыстық кодексiнiң 337-бабының 1-бөлiгiне сәйкес заңсыз аң аулағаны үшiн: «Заңсыз аң аулау, оның iшiнде атыс, пневматикалық, лақтырылатын, суық қаруды, қолға түсiрудiң басқа да құрал түрлерiн, иттердi, аушы жыртқыш құстарды, салт атты, жегiн көлiктi қолданып заңсыз аң аулау, егер бұл iс-әрекет айтарлықтай залал келтiре отырып жасалса, сол сияқты жарылғыш құрылғыларды немесе жануарларды жаппай қырып-жоятын өзге де құралдарды, авиа-, авто-, мотокөлiк құралдарын, оның iшiнде қарда жүретiн техниканы не шағын көлемдi кемелердi қолданып заңсыз аң аулау — мүлкi тәркiленiп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде (8751 мың тг.) айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не сегiз жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады».
Аңшылық шаруашылығына жүз АЕК-тен астам залал келтiрiлген жағдайда, iс айыпталушы үшiн тиiстi салдарлармен әкiмшiлiк iс жүргiзуден қылмыстық iс жүргiзуге көшедi.
«Булаев орман шаруашылығы» КММ аңшыларға уақыттарын жақсы және пайдалы өткiзудi, сонымен қатар ҚР аң аулау ережелерiн бұзбауды тiлейдi!
Шитов А.В.
«Булаев орман шаруашылығы» КММ
аңшылық жүргiзушiсi