
«Қызылжар орман шаруашылығы» КММ күшiмен 2021 жылғы орман дақылдарын отырғызу жұмыстары аяқталды: 74,0 гектар алқапқа орман дақылдары отырғызылды, оның iшiнде 55,0 гектарға қайың және 19,0 гектарға қарағай. Отырғызуға 276600 дана екпе көшет жұмсалды — оның iшiнде 165000 қайың және 111600 қарағай. Орман отырғызу белгiленген мерзiмде жүргiзiлдi, өндiрiс сапасы қанағаттанарлық. Орман шаруашылығы бойынша ормандарды молықтырудың (отырғызудың) жоспарлы көлемi толық көлемде орындалды.
Ормандарды молықтыру және орман өсiру инженерi
М.В. Матюхина