
Жабайы жануарлар мен құстарды браконьерлiктен қорғау мақсатында "Аққайың орман шаруашылығы" КММ аңшысы Добранский С.А. рейдтiк iс-шаралар жүргiзуде. Рейдтер жұмыс және демалыс күндерi белгiлi бiр кезеңдiлiкпен алдын ала жасалған маршрут бойынша жүргiзiледi. Өткiзiлген рейдтердiң негiзгi мақсаты-браконьерлiк фактiлерiнiң жолын кесу және жабайы жануарлар мен құстардың санын сақтау. Рейдтер барысында сондай-ақ жабайы жануарларға ұқыпты қарау, аң аулау ережелерiн бұзғаны және заңсыз аң аулау жасағаны үшiн жауапкершiлiк шаралары туралы үгiт-түсiндiру жұмыстары жүргiзiледi.
Заңсыз аң аулау-бұл қылмыстық iс. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 337-бабының 1-бөлiгiне сәйкес, заңсыз аң аулау жасағаны үшiн оны жасаған адамдар үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегiз жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады, мүлкi тәркiленiп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге
Сондай-ақ, жоғарыда көрсетiлген бапқа сәйкес, құқық бұзушылық жасаған адамдарға неғұрлым қатаң жаза күтедi, яғни мүлкi тәркiленiп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан он жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, алты жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру.
Аңшы С.А. Добранский