Орман зиянкестерімен күрес

Орман зиянкестерімен күрес

Жамбыл ауданының Пресноредуть ауылдық округіндегі орман алқаптарын зерттеу кезінде Чернолесское орманшылығының 46,50 телімінің 9-кварталында шалғын шатырқанаттының жұлдызқұрт ошақтары табылды. «Жамбыл орман шаруашылығы» КММ өз күшімен ауданы 1,5 га «Дицес 2,5%» препаратымен осы ошаққа инсектицидтік өңдеу жүргізілді. Мекеме орман қоры аумағында ауру ошақтары мен орман зиянкестерін дер кезінде анықтау үшін тұрақты орман патологиялық мониторинг жүргізеді.

«Жамбыл орман шаруашылығы» КММ әкімшілігі