Экологиялық акция: «Қайталама шикiзат жинау бойынша үздiк аула»

Экологиялық акция: «Қайталама шикiзат жинау бойынша үздiк аула»

Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс шеңберiнде СҚО әкiмдiгiнiң табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы «Green Help» ҚБ, «Радуга» ЖШС бiрлесiп, 2020 жылғы 27 шiлдеде Петропавл қ. пәтер иелерi кооперативтерi арасында «Қайталама шикiзат жинау бойынша үздiк аула» экологиялық акцияға бастама бердi.

Акцияға қатысушылар мекен-жайы бойынша орналасқан 5 аула: К.Сүтішев көшесі, 23; Ш. Уәлиханов көшесі, 19; М.Жұмабаев көшесі, 101; Островский көшесі, 82; Жамбыл көшесі, 1А.

Контейнерлiк алаңдарда қалдықтарды бөлек жинауға арналған контейнерлер орнатылды: макулатура, пластикалық және қаңылтыр қаптамалар, өздерiнiң тұтынушылық қасиеттерiн жоғалтқан электрондық және электр жабдықтары. Акция қатысушыларына акцияның мақсаты мен мiндеттерi түсiндiрiлiп.

Акция ағымдағы жылдың қазан айына дейiн жалғасады. Осы уақыт iшiнде ПИК және үй тұрғындары қалдықтарды қайта пайдалану үшiн кiм көп жинайтыны бойынша жарысатын болады. Байқау қорытындысы бойынша ең белсендi ПИК олардың қажеттiлiктерiне пайдаланатын шаруашылық тауарларымен ынталандырылады.

Қала тұрғындарын акцияға белсендi қатысуға және планетаның қатты тұрмыстық қалдықтармен ластану проблемасынан тыс қалмауға шақырамыз!!!

Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және табиғатты қорғау бағдарламалары
бөлiмiнiң бас маманы
В. Спиней