Орман табиғаттың ең құнды байлықтарының бiрi болып келедi. Бұл қоршаған орта құрамы өте зор және түрлi экономикалық, экологиялық және әлеуметтiк, мәдени рекреациялық орта құушы мәнi уақыт өткен сайын артып келедi. Қазақстан Республикасының Орман кодексiнiң аықтамасында айтылған, орман — бiр-бiрiне жақын өсетiн бiр түрлi немесе көп түрлi ағаш өсiмдiктерiнен және биологиялық жағынан өзара байланысты, бiр-бiрiне және сыртқы ортаға ықпал жасайтын басқа да көптеген организмдерден тұратын табиғи кешен.Өнiмдi жылдары жергiлiктi тұрғындар шоқ қайыңдар iшiнде итмұрын, түрлi саңырауқұлақтар, шетен, долана, мойыл, қара бүлдiрген, шие, қарақат жидектерiн терiп, мәре сәре болады.Саңырауқұлақтардың да түр — түрлерi кездеседi: арыш, қарасаңырауқұлақ, қызылсаңырауқұлақ, майсаңырауқұлақ т.б.
Шоқ ормандар жануарлар әлемiне де бай — бұландар, Сiбiр елiгi, ақ қояндар,сартышқандар, үкiлер мен бөктергi, сауысқан, құлаұты жапалақтар, бүркiт, су қарақұс, көлдерде қиқулы аққулар, қараша қаздар кездеседi. Ормандардың оңтүстiк алқаптарында ақбөкендер, дуадақтар, безгелдектер серуендеп жүредi.
Қазақстан Республикасының солтүстiк өңiрiндегi қайыңды, теректi тiкендi бұталары егiстiктердi шаңды борандар мен аңызақ желдерден қорғау жолында маңызды орман мелиораторлық ролiн атқарады.
Жыл сайын елiмiздiң ормандарында ағашты заңсыз кесiп, өндiру көлемi артып келедi. Бұндай бассыздықтар ұлттық қауiпсiздiктiң маңызды экологиялық және экономикалық қаупiн төндiруде. Осыған байланысты мемлекет бұрыс жолға түсiп, құқықсыз әрекет етiп жүрген адамдарды амалсыз қылмыстық жауапкершiлiкке тартуға мәжбүр болуда. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексiнiң 340 бабында заңсыз ағаш кесу, ағаштар мен бұталарды жою туралы толық түсiндiрiлген:
1. Үй маңындағы, саяжай мен бау-бақша учаскелерiндегi ағаштар мен бұталардан басқа, орман қорына кiрмейтiн және кесуге тыйым салынған ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау, сол сияқты орман дақылдарын, орман питомниктерi мен плантацияларындағы егiлген не отырғызылған көшеттердi, сондай-ақ ормандарды молықтыру мен орман өсiруге арналған алаңдарда өзi өсiп шыққан шыбықтарды, өскiндердi не қолдан отырғызылған екпелердi жою немесе зақымдау – екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бiр жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не алпыс тәулiкке дейiнгi мерзiмге қамаққа алуға жазаланады.
2. Орман қорына кiретiн ағаштарды және бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау – үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жетпiс бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге қамаққа алуға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген:
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не тоқсан тәулiкке дейiнгi мерзiмге қамаққа алуға жазаланады.
4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген, қылмыстық топ жасаған iс-әрекеттер – екi жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Қылқан жапырақтылар мен жапырақты екпелердiң тағдыры тек қана орман шаруашылығы қызметкерлерiнен ғана емес, әрбәр адамның қолында,табиғатты қорғау — орман қорғауының салсының ғана емес — ауданның әрбәр тұрғынының мiндетi.. Бiз бәрiмiз қосылып — атамыздан қалған мұраны қорғауымыз қажет!