
Ағымдағы жылдың 5 маусымында балаларды қорғау күнiне арналған бастауыш кәсiподақ ұйымдарының қызметкерлерi арасында "Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесi қызметкерлерiнiң салалық кәсiподағы" ҚБ өткiзген, "Туған өлкенiң табиғатын сақтайық" шығармашылық конкурсының қорытындысы шығарылды. Байқау бейнелеу өнерi номинациясында өткiзiлдi.
"Аққайың орман шаруашылығы" КММ атынан: М.Т. Бекенова, А.Т. Таймуканова, А.Т. Таймұқанова 9-11 және 12-15 жас аралығындағы жас санаттары бойынша қатысты. Жұмыстар "Табиғатымызды сақтайық!", "Табиғатты өрттен сақтаңыздар!" атты тақырыптарда ұсынылды. Мұндай байқауға олар бiрiншi рет қатысты. Байқау қорытындысы бойынша қатысушылар 2-шi және 3-шi орындарды иелендi және "Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесi қызметкерлерiнiң салалық кәсiподағы" ҚБ төрағасы М.Н. Славная "Конкурсқа қатысқаны үшiн" дипломдармен және ақшалай, сыйлықтармен марапаттады. Ең бастысы, олар осы байқауға қатысудан үлкен тәжiрибе мен жағымды эмоциялар алды.
Орман қорғау инженерi Т.Ж. Нұрғалiмов