2005 жылы Мемлекет басшысының бастамасы бойынша студенттiк жастар жасақтарының жұмысы жанданды, бұл жас ұрпаққа мемлекеттiк бағдарламаларды iске асыруға қатысуға мүмкiндiк бердi.
Студенттiк жасақтардың қызметiн дамыту студент жастарды тәрбиелеудегi басым бағыт болды.
Студенттiк жасақтар 3 бағыт бойынша бөлiнген: олар қаладағы құрылыс алаңдарында; қаланы және елдi мекендердi абаттандыру мен көгалдандыруда; орманға күтiм жасау жұмыстарында, орман питомнигiнде көшеттердi өсiру мен отауда және басқа да көптеген жұмыстарда еңбек етедi.
«Жасыл Ел» жасағының сарбаздары жұмыс орындарында өздерiнiң еңбекқорлығын, жауапкершiлiгiн, адалдығын, бастамашылдығын көрсеттi, бұл жұмыстарды орындау кезiнде жоғары нәтижелiлiктi қамтамасыз еттi.
Карантинге байланысты жұмыс жағдайлары аздап өзгердi. Санитарлық нормалар мен қауiпсiздiктi сақтау үшiн жастарға бiр жерге жиналуға рұқсат етiлмейдi, олар қашықтықта жұмыс iстейдi және барлығы бетперде мен қолғап киедi. Әрбiр жауынгердiң қауiпсiздiк талаптарын сақтау қажеттiлiгi туралы шарты бар.
Барлық жауынгерлерге отандық өндiрiстiң арнайы жабдықтары — бейсболка, футболка, спорттық киiм ұсынылады.
Ағымдағы жылы 12 мемлекеттiк орман шаруашылығы облыстың барлық аудандарында шiлде-тамыз айларына 323 жауынгердi қабылдайды.
Орман шаруашылықтарында жастарды күтуде, олар үшiн орман екпелерiнде, питомниктерде учаскелер дайындалып, жұмыс көлемi анықталды.
Жұмыс берушiлер мен «Жасыл Ел» жасақтарының үйлесiмдi жұмысы екi жаққа да пайдалы. Орман шаруашылығы мекемелерiнiң қызметкерлерi студенттердi жұмыс уақытын ұтымды пайдалануға, алған бiлiмдерiн, дағдыларын және оқу орындарындағы өндiрiсте пайдалану дағдыларын үйретедi. Жастарды командада жұмыс iстей бiлуге, жұмыс процесiнде бiр-бiрiмен өзара iс-қимыл жасауға бағдарлайды.
«Жасыл ел» жастар отрядтарын құру және отрядтар қызметiн дамыту елдi көгалдандыруға ғана емес, сонымен қатар бiздiң ортақ үйiмiз — Қазақстан Республикасының болашақ гүлденуiне жауапты елiмiздiң жас азаматтарының жаңа буынын тәрбиелеуге бағытталған!
Қазақстанның болашағы елiмiздiң жас азаматтарының қолында!
Орман шаруашылығы және
ЕҚТА бөлiмiнiң маманы
С.Е. Сүлейменова