
Жыл сайын 23 маусымда Қазақстанда «Мемлекеттiк қызметшi күнi» кәсiби мерекесi атап өтiледi. Мемлекеттiк қызметшiнiң жұмысы адамнан кең ауқымды бiлiмдi, үлкен жауапкершiлiктi және ұстамдылықты талап етедi. Халыққа қызмет етуден басқа адал кәсiп жоқ. Әрбiр мемлекеттiк қызметшi ел мен қоғамды дамытуға бағытталған мемлекеттiк бағдарламалар мен ауқымды реформаларды iске асыруға елеулi үлес қосады.Мереке қарсаңында ерекше көзге түскен мемлекеттiк қызметшi — СҚО әкiмдiгiнiң табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлiмiнiң бас маманы Қайролла Қайырбекұлы Байтеңiзовтi атап өткiмiз келедi.Байтеңiзовтер отбасының орман шаруашылығындағы өтiлi 90 жылдан астам, оның iшiнде Қайролла Қайырбекұлы орман шаруашылығы жүйесiнде 28 жылдан астам жұмыс iстедi, оның алдына қойылған маңыздылығы ерекше және күрделi мiндеттердi сәттi орындай отырып, Солтүстiк Қазақстан облысының орман шаруашылығы қызметiн дамытуға айтарлықтай үлес қосты.Қ.Қ. Байтеңiзов мамандығы бойынша орман шаруашылығы инженерi және өзiнiң еңбек жолын 1982 жылы СҚО Полудин орман шаруашылығы орманшысының көмекшiсi болып бастады. Жалпы еңбек өтiлi 37 жылдан асады. Қ.Қ. Байтеңiзовке ормандарды зиянкестер мен аурулардан қорғау жөнiндегi өңiрлiк бағдарламаларды iске асыру бойынша үздiксiз жұмысты қамтамасыз ету, мемлекеттiк орман қоры аумағында орман қорғау iс-шараларын жүргiзу, мемлекеттiк қызметтердi сапалы көрсетуге мониторинг жүргiзу, экологиялық iс-шараларды жүзеге асыру, жастармен жұмыс бойынша үлкен жауапкершiлiк жүктелген.
Орман өсiру, оны зиянкестер мен орман ауруларынан қорғау — үлкен жұмыс. Орманға, туған жерiнiң болашағына қамқорлық жасау оның жұмысындағы басты бағытқа айналды.Кәсiби парызын адал атқарып, өз iсiне берiлгендiктiң арқасында ұжымда лайықты құрметке ие. Қайролла Қайырбекұлы тәжiрибелi тәлiмгер, ол бiрнеше рет жас мамандарға жетекшi ретiнде тағайындалды, оларды орман шаруашылығын басқарудың дәстүрлерiмен, құндылықтарымен және жоспарларымен таныстырды, жұмыс жағдайларына бейiмделуге көмектестi, бiлiм мен дағдыларды ұтымды пайдалануға үйреттi. Жас мамандарды өз жұмысында командада жұмыс iстей бiлуге, ортақ мiндеттердi шешу процесiнде бiр-бiрiмен тұрақты қарым-қатынас дағдыларын дамытуға, ұжымда көшбасшылық дағдыларды игеруге бағыттай отырып.
Қ.Қ. Байтеңiзовтiң үйлесiмдi және тиiмдi жұмысының арқасында облыстың орман шаруашылығы саласындағы кадрлық әлеуетi қамтамасыз етiледi.Сонымен қатар, Қайролла Қайырбекұлы Басқарманың қоғамдық өмiрi мен iс-шараларына белсендi қатысады, Басқарманың грамоталарымен және естелiк сыйлықтарымен бiрнеше рет атап өтiлдi, өз мiндеттерiн үлгiлi орындағаны үшiн облыс әкiмiнiң алғысы бар. Қ.Қ. Байтеңiзовтiң күш-жiгерi алдағы уақытта да қазақстандық мемлекеттiлiктi дамытуға, елдiң экономикалық дамуына және халықтың әл-ауқатының өсуiне бағытталатын болады.
Жұмысыңыз үшiн және таңдаған iсiңiзге берiлгендiгiңiз үшiн рахмет!