
«Преснов орман шаруашылығы» КММ 2021 жылдың бiрiншi жарты жылдығында мекеменiң орман күзетiнiң күшiмен 1000 гектар алқаптағы екпелерге орман-патологиялық зерттеу жүргiздi. Тексеру нәтижесiнде сарықанат жiбек көбелегiнiң жiбекқұрттары мен жұлдызқұрттары табылған жоқ. 2047,0 гектар алқапқа суланған көшеттер және 41,7 гектар аумақта бактериялық шеменнiң әсерiнен зақымдалған қайыңдар анықталды.
Қазiргi уақытта бұл учаскелерде 2022 жылға арналған ағаштарды кесуге шығару және көлемiн мөлшерлеу жүзеге асырылуда. Сондай-ақ, жазғы-күзгi топтағы зиянкестердi анықтау мақсатында 50 шұңқыр қазылып, зиянкестер табылған жоқ.
Ағымдағы жылдың күзiнде мекеменiң орман күзетi аудан ормандарының жай-күйiне мониторинг жүргiзу мақсатында екпелердi орман патологиялық зерттеу 2000 гектар алаңда жалғасады.
КММ әкiмшiлiгi