
Айыртау ауданының аумағында жабайы құстардың құс тұмауын жұқтырып алу бiр фактiсi тiркелдi.
Облыс аумағында осы аурудың пайда болуын және таралуын болдырмау мақсатында күн сайын «Бұрлық орман шаруашылығы» КММ аумағында жабайы құстардың шоғырланған және ұялаған жерлерiндегi популяцияларының жағдайына мониторинг жүргiзiледi.
Камышное, Нагорное және Бұрлық орманшылықтарының негiзгi су айдындары зерттелдi.
2021 жылғы 16 маусымдағы жағдай бойынша құстардың сәйкессiз қылықтары, сондай-ақ жабайы өлiмi анықталған жоқ.
Орман шаруашылығы аумағындағы жабайы жануарлардың жағдайын бақылау жалғасады.
Жабайы құстардың өлу фактiлерi анықталған жағдайда, «Бұрлық орман шаруашылығы» КММ хабарлауыңызды сұраймыз.
«Бұрлық орман шаруашылығы» КММ
Аңшылықтанушы: Н. Филонов