СҚО әкімдігінің қарамағындағы мемлекеттік орман қорының ауданы 700 мыңға жуық гектарды құрайды. Орман алқаптарын ұлғайтуға қатысты 2021-2025 жылдарға арналған» кешенді жоспарларына сәйкес облыста 20 мың га-ға 116,5 миллион ағаш отырғызылуы тиіс. Биыл өңірдің орман қоры қанша га жерге толықпақ? Әріптесім баяндасын.
Облыстың орман шаруашылықтары көктемде 561 гектар алқапта ағаш отырғызу жұмыстарын жүргізді, 2 миллион 448 мың қарағай мен қайың көшеттері отырғызылды.Ал күз мезгілінде 289 гектарға 1,43 миллион қарағай мен қайың отырғызу үшін, тәлімбақтарда 2,5 млн ағаш бұталары егіледі.
БЕЙБІТ ИСМАНОВ, ҚО ӘКІМДІГІНІҢ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
— Ағаш отырғызу жұмыстарының көлемін ұлғайту үшін 218 гектар жерде 34 тұрақты және уақытша тәлімбақ бар. 2021 жылдан 2023 жылға дейін тәлімбақтардың ауданы 75 гектарға дейін ұлғайтуды көздеп отырмыз. Сондай-ақ, 2025 жылға дейін орман тұқымы учаскелерінің ауданын 50 гектарға дейін ұлғайтылады.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауында алдағы бес жыл ішінде орман қоры аумағында отырызылған ағаш санын 2 миллиард және елді мекендерге 15 миллион ағашқа дейін ұлғайту міндетті қойылды. Өңірде орман қорының жалпы ауданы 689,6 мың.га құрайды. Сондай-ақ, ағаш егу жұмыстары 3 кезеңнен тұрып, үш жылға созылады. Біріншісі, дайындық, екіншісі даналық және содан соң камералдық жұмыстар , яғни дала материалдарын өңдеу және жиналған материалдардың негізінде орман орналастыру жобалары қолданыстағы нұсқаулықтардың талаптарына толық сәйкестікте дайындалатын болады. Және мамандардың айтуынша материалдар тек 2022 жылы ғана дайын болады.
ЕРЕЖЕП ЖАНАТАЕВ, СҚО ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ АУМАҚТЫҚ ИНСПКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
— Осы жылдың бірінші қаңтарына сәйкес орман қорының қазіргі жағдайы мынадай 8573 га ағаш кесіліп, 19 356 га өртенген және өлі ағаш. Тексеру кезеңінде орман өсіруге жарамды деп танылған ормансыз жерлер көптеп кездеседі, сондықтан, ағаш кескен кезде оны мұқият тексеріп алған жөн. Жоғарыда атап өткендей жаппай жасыл теректерді отырғызу процесі өте ұзақ уақытты алады.
Біздің өңір аумағында негізінен қайың мен терек отырғызылады. Бұл салада 12 коммуналдық мекеме жұмыс істейді. Сондықтан өңірді көгалдандыру бойынша жоспарлар уақытылы орындалады, дейді мамандар.
petropavltv.kz