«Аққайың орман шаруашылығы» КММ өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткiзiлдi

«Аққайың орман шаруашылығы» КММ өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткiзiлдi

2021 жылғы 21 мамырда «Аққайың орман шаруашылығы» КММ Аққайың ауданының ТЖБ, 9-ӨСБ қызметкерлерiмен бiрлесiп, Астрахан ауылдық округiнiң Қаратомар ауылының маңында Қаратомар орманшылығында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткiзiлдi. Оқу-жаттығу басталар алдында оқу-жаттығуда қабылдайтын күштер мен көлiк құралдарының сап түзеуi жүргiзiлдi, барлық қатысушыларға қауiпсiздiк техникасы бойынша нұсқаулық өткiзiлдi. Оқу-жаттығу ТЖБ бастығы азаматтық қорғау подполковнигi А. Шаповаловтың басшылығымен өткiзiлдi.

Оқу-жаттығудың мiндетi — орман өртiн жоюға тартылатын күштер мен құралдардың шоғырлануының нақты уақытын анықтау, оларды орналастыру схемасын пысықтау. Орман шаруашылығы қызметкерлерiнiң ТЖБ және 9-ӨСБ өрт сөндiру бөлiмiнiң қызметкерлерiмен өзара iс-қимылын пысықтау. Өртке қарсы құрал-саймандармен, өртке қарсы жабдықтармен жұмыс iстеу бiлiгiн тексеру, өрт кезiнде радиобайланыстың ұйымдастырылуын тексеру.

Оқу-жаттығуға «Аққайың орман шаруашылығы» КММ: орман өрт сөндiрушiлерi мен өрт автомобилiнiң жүргiзушiсi, тракторшы — 4 адам, Қаратомар орманшылығының орман күзетiнiң қызметкерлерi — 3 адам қатысты, техникалар жұмылдырылды: ГАЗ-33088 АЦ-40 — 1 бiрлiк, ПКЛ-70 соқасы бар МТЗ-82,1 тракторы — 1 бiрлiк.

Тартылған күштер мен құралдардың үйлесiмдi iс-қимылының арқасында шартты өрт қысқа мерзiмде жойылды. Оқу-жаттығу аяқталғаннан кейiн ТЖБ бастығы А. Шаповалов қатысушыларға қатысқаны үшiн алғыс бiлдiрдi.

«Аққайың орман шаруашылығы» КММ
орман қорғау инженерi Т. Нұрғалiмов