СҚО табиғи ресурстар басқармасы «Global Media Astana» ЖШС «Оператор РОП» ЖШС тапсырысы бойынша «Хабар» Агенттiгi» АҚ-мен серiктестiкте Қазақстандағы алғашқы «ECO MEKEN» телевизиялық экологиялық реалити-шоуының түсiрiлiмiн бастайтынын хабарлайды.
Жобаның мақсаты Көрермендерге Қоқысты сұрыптау дұрыс әрi тиiмдi екенiн жеткiзу! Яғни, осыдан ақша табуға болады және оған «Global Media Astana» әлеуеттi үмiткерлердi шақырады. Жеңiмпаздар бизнестi дамыту үшiн грант, сондай-ақ экология саласындағы жобаларды монетизациялау дағдылары бойынша грант алады.
Жобаға қатысу үшiн бизнес-жоспар қажет емес. Экологияны жақсартуға деген ниет пен идея жеткiлiктi. Өтiнiмдер ecomeken.khabar.kz сайтында қабылданады.
Жоба күн тәртiбiн табиғатқа ұқыпты қарауды насихаттау, елдiң экологиялық проблемаларын анықтау және шешу жолдарын iздеу мақсатында жүргiзiледi. Шоу түрлi қоқыстарды кәдеге жарату және қайта өңдеу бойынша кәсiпорынның бар екенiн көрсетедi және жаңа эко-бизнес кейстерiнiң пайда болуына түрткi болады. Ең жарқын 32 үмiткердi жобаның ұйымдастыру комитетi таңдайды, олардың сауалнамалары сайтта жалпыхалықтық дауыс беру үшiн ұсынылады. Ең көп дауыс жинаған 18 адам «ECO MEKEN» шоуына қатысады. Әр серияда олар бiр уақытта сәттi бизнес принциптерiне және табиғатты қалай сақтауға болатындығын үйренедi.
Барлық сұрақтар бойынша келесi телефон арқылы хабарласуға болады +7 778 333 99 39 Мәлика Құлымжанова.