Қоршаған ортаны қорғау күнiне орай «Бiрге таза Қазақстан» акциясы

Қоршаған ортаны қорғау күнiне орай «Бiрге таза Қазақстан» акциясы

Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мамандары 2021 жылғы 5 маусымда Дүниежүзiлiк қоршаған орта күнiне орайластырылған Есiл трансшекаралық өзенiнiң жағалау сызығын тұрмыстық қалдықтардан тазарту бойынша «Бiрге таза Қазақстан» экологиялық акциясын өткiздi.

Су қоймаларының тұрмыстық қалдықтармен ластану проблемасы өзектi және халықтың қалдықтарымен жұмыс iстеу мәдениетi әлi де жақсартуды талап етедi.

Акцияның мақсаты — жағалауды қоқыстан тазарту ғана емес, сонымен қатар қоғамның назарын қоршаған ортаның ластану проблемасына, өлкемiздiң табиғатын сақтаудың және экологиялық мәдениеттi қалыптастырудың маңыздылығына аудару.

Акция барысында 200 кг жуық қоқыс жиналып, шығарылды.

Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және табиғатты қорғау бағдарламалары
бөлiмiнiң бас маманы
А. Славный